Архитектурная подсветка в Астане - ССТ Лайтинг подсветка Астана
SST LIGHTING
Сәулеттік-көркем жарықтандыру

Архитектуралық жарықтандыру – қазіргі заманғы жарық дизайнының ең қажетті бөлігі, оның негізгі бағыты. Архитектуралық жарықтандыру – қазіргі заманғы жарық дизайнның шыңы. Сәулетті жарықтандыру бойынша адамдардың көпшілігі жалпы жарық диизайнерлерінің жұмысы туралы айтады, өйткені дәл осы іске асырылған ауқымды жобалар өзіне баса назар аудартқызады.

Бүгінгі күні құрылыстың қасбеттерін безендіру – орынсыз тілек емес, қажеттілік. Қасбет – үйдің айнасы. Оның безендірілуі ғимараттың даралығын көрсетеді, эстетикалық қабылдауды ғана емес, ақпараттық маңыздылыққа ие.

 

Ғимараттың қасбетін жарықпен безендіруге ұмтылу бірқатар қажеттіліктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- Әлеуетті клиенттердің назарын аудары;
- Компанияның мәртебесін және орнықтылығын білдіру;
- Ғимараттың жарық-түсті бейнесін қалыптастыру.

Сәулеттік жарықтандыру туралы айта келе, ол ғимараттардың көркемдік, функционалдық және стильдік ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен қатар жекелеген объектілердің көлемдік-кеңістіктік және түстік композициясының мәнерлілігін қамтамасыз ете алатынын атап өтуге болады.

Сәулеттік жарықтандырудың негізгі мақсаты – эстетикалық бейнені жақсарту. Бұл жеке объектіге де, мысалы жеке резиденцияға да, тұтас қалаға да қатысты. Жеке резиденцияға қатысты, дұрыс орындалған сәулеттік жарықтандыру оның беделін айтарлықтай арттырады. Тартымды архитектуралық жарықтандырумен бөлінген резиденция қоршаған кеңістік аясында күрт ерекшеленеді, оның түнгі бейнесі түнгі пейзаждың әшекейіне айналады. Мұның бәрі ғимарат иесінің беделіне жұмыс істейді, оның мәртебесін арттырады. Бір сөзбен айтқанда ғимарат иесі өз меншігін бағалайтыны және оны ең жақсы түрге келтіру үшін айтарлықтай күш салуға дайын екендігі түсінікті болады. Архитектуралық жарықтандыруды жасау бойынша осындай жұмыс клиенттің ой-пікірін үздік іске асыратын «ST Lighting» компаниясының маңызды тәжірибесінің болуын пайымдайды. Жоғары сапалы жарықтандыру құралдарын қолдану және оларды сауатты орнату – сәулетті жарықтандырудың көзді көп жылдар бойы қуантатындығына кепілдік береді.

FaLang translation system by Faboba