Электромонтажные работы и услуги SST Lighting - электромонтаж в Астане
SST LIGHTING
Электрмонтаждау жұмыстары

«SST Lighting» ЖШС – электрмонтаждау жұмыстарының барлық түрлерін ұсынатын компания. Жұмысты орындай отырып, біздің компания жеке немесе өндірістік үй-жайларда электр сымдарын тарту немесе монтаждау кезінде туындауы мүмкін барлық қиындықтарды ескереді.

Біздің компанияның электромонтажшы-қызметкерлері электрмонтаждау жұмыстары саласында үлкен тәжірибе мен барлық кәсіби білімге ие. Олар электр қондырғыларында қолданылатын электр қауіпсіздігінің барлық шараларын сақтай отырып, электрика мен электр сымдарын кез келген жөндеуді және монтаждауды жүзеге асыруға дайын. Электр монтаждаушылар «Өнеркәсіптік қауіпсіздік. АГС құрылғысына және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптар», «Өнеркәсіптік альпинизм» курстарынан өткен.

Біз клиенттердің барлық талаптарын ескере отырып, Қазақстандағы электрмонтаждау жұмыстарының ең қолайлы бағасын ұсынамыз. Біздің компания өз жұмысының сапасын көрсетуге және берілген міндетті Тапсырыс беруші атқарылған жұмысқа риза болып, басқа әлеуетті клиенттерге бізді ұсынатындай етіп орындауға ұмтылады. Электрмонтаждау жұмыстары бұрыннан бар немесе біз әзірлейтін жобалар негізінде, ҚР аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сай және ҚР Электр қондырғыларын орнату ережелеріне (ҚР ЭҚО) толық сәйкестікте жүргізіледі.

FaLang translation system by Faboba