

Көшелер мен жолдарды, магистральдарды, әуежайлар мен вокзалдардың функционалдық аймақтарын, сондай-ақ қала аумақтарының жаяу жүргіншілер аймақтарын дұрыс ұйымдастырылған сыртқы жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытында автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Көшені сапалы жарықтандыру кезінде жол-көлік оқиғаларының саны қысқарады, қылмыс азаяды, визуалды жайлылық пен психологиялық ахуал жақсарады, экономикалық белсенділіктің жандануы орын алады.
Жолдар мен көшелерді сыртқы жарықтандыру үшін функционалдық және эстетикалық сипаттамаларына қарай тіректер мен шырағдандардың саналуан түрлері ұсынылады. Өзіндік ерекше әзірлемелерді пайдалану көшені жарықтандыру тіректерін қоршаған архитектурамен үйлесімді үйлестіруге және оған өзіндік ерекшелік пен қайталанбас өзгешелік беруге мүмкіндік береді.
Жобалау барысында тапсырыс берушінің талаптары мен тілектеріне сәйкес шамдардың оңтайлы санын және олардың орналасуын анықтау мақсатында көшелерді жарықтандыру бойынша қажетті есептеулер жүргізіледі.







